- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда XIX халық спорты ойындары басталды (ФОТО)
Шығыс Қазақстанда XIX халық спорты ойындары басталды (ФОТО)
ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауынша, шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 19 команда қатысады. «Жарысқа қатысушылар спорттың 25 түрінен ең мықты атану үшін сайысқа түседі. Олардың арасында Президенттік көпсайыс, аударыспақ, қазақ күресі, баскетбол, волейбол, стол теннисі, футбол сияқты спорт түрлері бар»,-делінген хабарламада.
Жарыстың ашылу салтанатында жарысқа қатысушы командалардың дәстүрлі шеруі өтіп, ол жергілікті шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасына ұласты.
«Дәстүрлі Халық ойындары спорты – тек әдемі, адам қызықтырарлық іс-шара ғана емес, сонымен қатар ол салауатты өмір салтының қазақстандық үлгісінің қалыптасуы десе де болады. Біздің алдымызда үлкен жоспарлар бар. Кәсіби командалардың деңгейін көтеру мақсатында спорттық ұйымдардың құрылымын, облыс құрамасының дайындығы мен қалыптастыру принципін өзгертеміз және кәсіби жаттықтырушыларды шет мемлекеттен болса да шақырамыз. Бұқаралық спортты дамытуды жалғастырып, аула клубтары мен спорттық секцияларды жетілдіреміз»,-деді спорттық шараның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде облыс басшысы Даниал Ахметов.
Естеріңізге селе кетейік, қазіргі таңда облыста 3 мың 132 спорт ғимараты немесе нысан, 38 спорт мектебі бар. Спортпен тұрақты түрде 400 мың адам айналысады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда