- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-да Ә. Жақсыбековтың басшылығымен мәжіліс өтті
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК-да Ә. Жақсыбековтың басшылығымен мәжіліс өтті
Ұлттық компания хабарлағандай, компания басшысы басқарма төрағасының жаңа орынбасары Владимир Лютовты таныстырды. Осыған дейін «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ бастығы лауазымын атқарып келген В. Лютов ұлттық компаниядан жұмыстан шығу туралы өз қалауы бойынша өтініш берген М. Омаровтың орнына келіп отыр.
Елорда әкімі және басқарма төрағасы лауазымдарын қатар атқарып отырғандығы жөнінде түсініктеме бере отырып, Ә. Жақсыбеков былай деп атап өтті:
«Президент бірінші кезекте қалалық қызметтер мен ұлттық компания арасындағы барынша тығыз өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында осындай шешімді қабылдады. Біздің алдымызда тұрған мақсаттар мен міндеттер біреу, жұмыс мерзімі де нақты белгіленген. Мұндай ынтымақтастықтың арқасында жұмыстың барлық бағыттарын сапалы түрде жүзеге асырып, істі оңтайландыруға мүмкіндік аламыз. Бұл қалалық қызметтер үшін де ыңғайлы, өйткені көрмеге дайындық - әкімдік пен компанияның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі, бұл жұмыстың ашық жүргізілуіне жағдай жасайды».
Ә. Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының қыруар іс тындырып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп жатқандығын, корпоративтік басқару құрылымы бір ізге салынғанын, тиімді қызмет жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалғанын баса атап өтті.
«Компанияның өзінің қалыптасқан ұжымы бар. Мен компанияны ауқымды деңгейде қайта ұйымдастырып, қызметкерлерді жұмыстан қысқартайын деп отырған жоқпын, бұл басты міндет емес. Біздің міндетіміз – Президент пен үкімет белгілеген бағытта ары қарай күш жұмылдыра жұмыс жасау», - деді компания басшысы.
Мәжіліс барысында Ә. Жақсыбеков көрменің іс-әрекет жоспарын әзірлеу, EXPOMilano 2015 көрмесінде Елбасының қатысуымен Қазақстанның Ұлттық күнін өткізу, сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның ҚР Премьер-министрі К. Мәсімовтың төрағалығымен өтетін 2015 жылдың 20 маусымына жоспарланған көшпелі отырысын өткізу секілді компанияның алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттерді талқылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру