- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қызылорда облысының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, кәсіпорынның өңірлік филиалдарының жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, Асқар Жұмағалиев, Қызылорда облысы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясының бастамаларын әрқашан қолдап келеді деп атап өтті.
Қос тарап жергілікті өнім көлемін ұлғайту, еншілес компаниялардың кеңселерін Қызылорда облысына көшіру және Самара-Шымкент тас жолының Қызылорда облысындағы бөлігін «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» балансына беру сияқты бірқатар мәселелерді талқылады. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «Жергілікті қамтуды дамыту» туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласын одан әрі дамытуға, азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігінің деңгейін көтеруге өз септігін тигізетін болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, соның ішінде еншілес компаниялар қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға, қазіргілерін сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға қатысатын болады.
Айта кетейік, ертең «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы кәсіпорын филиалдарының жұмысымен танысатын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі