- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға ниетті
Қазақстан мен Қытай мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға ниетті
Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, өзара ынтымақтастық бойынша шарт-құқықтық негізді жетілдіру, екі ел арасында мәдени орталықтарды құру мәселелері, сонымен қатар ү.ж. ҚР Конституциясының 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абайдың 170 жылдығын және қытайдың композиторы Сянь Синхайдың 110 жылдығына орайластырылған мәдени шараларды өткізуге арналған сұрақтар талқыланды.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара ынтымақтастықтың жоғары қарқыны атап өтілді. Мәдени саладағы үлкен мүмкіндіктер мен әлеуетті бағыттардағы ынтымақтастықты ескере отырып, екі елде мәдени маусымдарды өткізуге қол жеткізілді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі Бейжіңде «Абай оқуларын» және «Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесін ұйымдастыру мәселелері келісілді.
Сұхбаттасушылар алдағы шаралар сәтті өткізіліп, екі ел арасында өзаратүсінушілік пен достықтың тереңдей түсуіне ықпал ететініне сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды