• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында 1 қыркүйекке дейін 120 орынға есептелген ауылдық мектеп пайдалануға беріледі

Ақмола облысында 1 қыркүйекке дейін 120 орынға есептелген ауылдық мектеп пайдалануға беріледі

13 Маусым, 2015 15:03
Ақмола облысы Костомар ауылында 2015 жылы 120 орынға есептелген мектептің құрылысы үшін 233,5 млн теңге бөлінді, білім ошағын 1 қыркүйекке дейін пайдалануға беру көзделуде, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» Аршалы ауданының әкімі Жомарт Нүркеновқа сілтеме жасай отырып.

Аталып өткендей, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен электронды оқулықтарды сатып алуға қомақты қаражат бөлінді. Ал, аудандық қазына есебінен жас техниктер станциясы жиһазбен қамтылды.

«Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен Аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында 8 білім беру нысаны ағымдағы жөндеу жұмыстарымен және құрал жабдықпен қамтылады», - делінген хабарламада.

Әкімнің айтуынша, ағымдағы жөндеу жұмыстары 19 білім беру нысанына жүргізіледі, бұл мақсатта аудандық бюджеттен 12,7 млн теңге бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, Аршалы ауданында 28 күндізгі білім беру нысаны мен 1 кешкі мектеп, №4 агротехникалық колледж, 27 мектепке дейінгі білім беру нысаны, оның ішінде 10-ы балабақша, 17-і шағын орталық, сонымен қатар мектептен тыс тәрбие мекемелері бар. Олар жас техниктер станциясы, балалар шығармашылығы орталығы, музыка мектебі, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі. 

Барлық жаңалықтар