Түркияның Гиресун қаласында Қазақстан күндері өтті

13 Маусым, 2015 15:41
Түркияның қаратеңіз жағалауында орналасқан Гиресун қаласында Қазақстан күндері өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Шараға қала басшылығы, «Гиресун» университетінің ректоры, аймақтың саяси және академиялық ортасының өкілдері, Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің дипломаттары қатысты.

Қазақстан күндерінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Гиресун» университетінің ректоры  профессор Айгюн Аттар Қазақстанда тиімді мемлекетті дамыту мақсатында масштабты бағдарлама жүзеге асырыла бастағанын атап өтті. «Біз «Ұлт жоспары» бағдарламасы елді әлемнің дамыған елдерінің қатырына қосарына сенімдіміз. Ағайын Қазақстан халқына өз мақсаттарына жетуіне тілектеспіз», – деді профессор.

Шара барысында Қазақстан туралы бейнефильм көрсетіліп, қазақ-түрік қарым-қатынасы туралы көрме ұйымдастырылды және  қазақ шығармашылық ұйымы өнер көрсетті. 

Барлық жаңалықтар