• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚазҰӨУ қабырғасында халықаралық және республикалық байқаулардың 800-ден астам лауреаттары тәрбиеленді

ҚазҰӨУ қабырғасында халықаралық және республикалық байқаулардың 800-ден астам лауреаттары тәрбиеленді

13 Маусым, 2015 13:46
Астана күні қарсаңында «Strategy2050.kz» АА елорданың маңызды ғимараттары туралы материалдар циклын жариялайтын болды.

ҚазҰӨУ – Қазақстан Республикасындағы жас, келешегі зор оқу орындарының бірі. Университет өз кезегінде №1 балалар музыка мектебі мен Ақмола өнер колледжін біріктіру арқылы жасақталған Қазақ ұлттық музыка академиясы негізінде ұйымдастырылды. Музыка академиясы білім берудің барлық буындары – мектеп, колледж, ЖОО біріктірген үздіксіз кәсіби білім беру идеясы негізін қалайтын бірегей жоба болып табылады.

Университет осы жылдар ішінде музыкалық өнер саласындағы 500-ден астам халықаралық конкурстар мен 300-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.

Музыканттарға музыка әлеміндегі алғашқы қадамынан бастап кәсіби шеберлікті толық меңгергенге дейін оқу орнының қабырғасында жүйелі бірізді тәрбие беру туралы Айман Мұсақожаеваның идеясы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қолдауына ие болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы №269 қаулысымен Қазақ ұлттық музыка академиясы ашылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 1998 жылғы 15 сәуірдегі №28 бұйрығымен Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры болып Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева тағайындалды.

 Н. Ә. Назарбаев Академияның 1998 жылғы 2 шілдеде өткен салтанатты ашылуына қатысса, ал 2000 жылы Президент қайта жөндеуден өткен бас ғимаратын барып көрді. ҚР Президенті және ҚР Үкіметінің қолдауымен жаңа оқу ғимараттары салынды. 2005 жылы Орган залы ашылды. «Hugo Mayer Organ Construction» неміс фирмасының органы қолдануға берілді. Орган залындағы тұрақты өтіп жүрген концерттер жоғары оқу орнына елорда мен республиканың мәдени орталығы мәртебесіне қол жеткізді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2009 жылы елордада өнердің барлық түрін дамыту мақсатында Қазақ ұлттық музыка академиясы Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта құрылды.

Академияның миссиясы, яғни басты міндеті – еліміздің барлық облыстары мен аймақтарынан келген дарынды балаларға қолдау көрсету, өнер шеберлерінің жаңа толқын буынын жан-жақты білім беріп, тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар туғызу. Осында отандық педагогиканың ең үздік дәстүрлері, әлемдік білім беру үдерісінің заманауи жетістіктерімен біріктірілді..

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар