Қазақстан Амстердамда өткен «Power Gen» ірі еуропалық көрмеге қатысты

13 Маусым, 2015 13:07
Ағымдағы жылдың 9-11 маусым аралығында Амстердам қаласында ірі еуропалық көрмелердің бірі «PowerGen» өтті, ол энергетика саласындағы технологияның дамуына арналған. Көрмедегі қазақстандық стендті Нидерландыдағы ҚР Елшілігі ұсынды.

Еуропалық іскер қауымдастықтың өкілдері Қазақстанның басты экономикалық бастамаларымен, сонымен қатар «100 қадам» Ұлт жоспары және «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» бағдарламаларымен танысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Жалпы, көрмеге қатысушыларға Қазақстанда бизнес жүргізу үшін берілетін үлкен мүмкіндіктермен, алдағы уақытта өтетін  Kazenergy 2015 (29 қыркүйек – 1 қазан) еуразиялық форумы мен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрме туралы ақпарат берілді.

Қазақстандық стендтің таныстырылымы «E-on», «SiemensAG» сынды компаниялар мен өзгелердің қызығушылығын тудырды. 

Барлық жаңалықтар