Калгариде Қазақстандық-канадалық бизнес-форум өтті

12 Маусым, 2015 19:52
Канадалық провинция Альбертаның іскерлік астанасы Калгари қаласында Қазақстан Республикасының Канадағы Елшілігі, АҚ «Экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттік «KaznexInvest», Ресей және Еуразиядағы «CERBA» Канадалық іскер ассоциациясымен біріге отырып, «Қазақстан-Канада» бизнес-форумын ұйымдастырды, деп хабарлады ҚР СіМ.

Шараға 60 астам адам қатысты, олардың ішінде Альберта мен Манитоба провинциялары үкіметтерінің өкілдері, Канаданың федералды Сыртқы істер, сауда және даму министрлігінің қызметкерлері, Экспортты ілгерілету бойынша агенттік «Export Development Canada», екі елдің іскери топтары, оның ішінде Алматы, Атырау, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыстың басты сөз сөйлеушілері арасында ҚР Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов, Манитоба провинциясының табиғат және су ресурстарын қолдану бойынша министрі Том Невакшонофф, Альбертаның энергетика Вице-министрі Сандра Локе, АҚ «ЭИҰА «KaznexInvest» басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов және т.б. болды.

Бизнес-форумның басты мақсаты – Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын, Канада мен Қазақстан арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салаларда сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті тереңдету және кеңейту. Салалар ішінде энергетика, ауыл шаруашылық комплексі, құрылыс, инфрақұрылым, көлік, инновациялық технологиялар бар.

К. Жигалов өз сөзінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері туралы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жолдың» басты аспектілерін баяндады, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің негізінде Астанада халықаралық қаржы орталығын құру туралы бастамасымен таныстырды. Жиналғандардың ерекше назарын Қазақстан Президенті ұсынған бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» бағдарламаларының іс жүзінде жүзеге асыруы аударды.

Шараға қатысушыларға ҚР Оттавадағы Елшілігі тарапынан әзірленіп, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан канадалық компаниялардың көмегімен басылып шыққан еліміздегі іскерлік және инвестициялық ахуал туралы баяндайтын қазақстандық-канадалық бизнес-анықтамалықтың тұсау кесері де ұйымдастырылды.

Канадалық тараптың сөз сөйлеушілері ретінде Қазақстанда сәтті жұмыс жасап жатқан компаниялардың басшылары ұсынылды. Олар Атырауда Оңтүстік Альбертаның Политехникалық институтының көмегімен «APECPetrotechnic» атты мұнай-газ саласы үшін қажетті мамандарды даярлайтын кәсіби-техникалық орталықтың ашылуы, Ақтауда «KUDU Industries» канадалық компаниясымен бірге мұнай-газ саласы үшін бұрандалы сорғы жасайтын зауыттың ашылуы туралы, Теңіз кен орнында «Энерсул» компаниясымен ынтымақтастықта күкіртті өңдеу бойынша құрылғыларды шығару туралы, «CondorPetroleum» компаниясының ҚР-да геобарлау саласында жаңа тәсілдерді енгізу, «TerraLink» компаниясының қазақстандық нарықта заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануы туралы айтып берді.

Канадалық іскерлік топтардың Қазақстанға деген қызығушылығы жай емес, өйткені еліміз соңғы жылдары Канаданың посткеңестік және Шығыс Еуропадағы мемлекеттері арасында басты сауда әріптесіне айналып, 2013 жылы Канаданың федералды үкіметі қабылдаған «Нарықтарда әрекет ету туралы жаһандық жоспарға» басым мемлекеттер тізіміне енгізілген. Ал Канада болса, қос Америка мемлекеттері арасында Қазақстанның басты әріптестерінің бірі. 2012-2014 жылдары екі жақты сауда айналымның мөлшері 7 млрд. АҚШ долларынан асты. Канаданың сыртқы істер, сауда және даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, 1994-2017 жж. Қазақстанның экономикасына құйылған канадалық инвестициялар мөлшері 16 млрд. АҚШ долларынан асқан.

Бизнес-формуның нәтижесінде шараға қатысушылар екі елдің орта және шағын бизнес компаниялары мен ірі кәсіпорындар негізінде «Қазақстан-Канада» Іскери кеңесін құру туралы ой-пікірді қолдады. Іскери кеңестің үйлестірушілері ретінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Канаданың Ресей мен Еуразиядағы іскери ассоциациясы «CERBA» болады деп күтілуде. Қазіргі таңда тараптар осы ойды жүзеге асыру үшін тәжірибелік жұмыс жүргізуде.

 

Барлық жаңалықтар