• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Рау: Геологиялық барлау жүргізу жұмыстарының интерактивті картасын жасау қажет

А.Рау: Геологиялық барлау жүргізу жұмыстарының интерактивті картасын жасау қажет

12 Маусым, 2015 18:06
Интерактивті карта жасау жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қажетті жерді жалға алу жұмыстарымен байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, деді Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі Тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында.

«Интерактивті картаны жасаған дұрыс. Бұл дегеніңіз бүкіл кестені интерактивті режимге сыйдыру қажет болады деген сөз. Бұл өте қиын жұмыс, бірақ оны жасаудың пайдасы зор, сонда жер қойнауын пайдаланушы еркін режимде жалға алу принципі бойынша жер телімдерін алып барлау жүргізе алады»,-деді А.Рау. 

Оның сөзінше, «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің мақсаты жер қойнауын пайдалануға беру жүйесін оңтайландыру, инвестициялар тартуға мүмкіндік беру, бірінші кезекте жер қойнауына геологиялық барлау жүргізіп, пайдалы қазбаларды барлау мен өңдеу.

«Тау-кен саласында жер қойнауын реттеуді одан әрі Австралия үлгісінде жетілдіру маңызды. Биылғы жылы аталған үлгі ілкі жоба ретінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар алдағы уақытта геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу құқығын жер қойнауын пайдаланушылар 3 күннің ішінде ала алады»,-деді А.Рау.    

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар