- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада сарапшылар Ұлт Жоспарын іске асырудың қоғамдық механизмін талқылады
Астанада сарапшылар Ұлт Жоспарын іске асырудың қоғамдық механизмін талқылады
«SarapTime» сарапшылар тобының отырысына «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев, «Абай-ақпарат» Қоғамдық Қорының вице-президенті Айдос Сарым, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов, «Стратегия» Қоғамдық Қорының президенті Гүлмира Елеуова, саясат ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Ерлан Саиров және басқалар қатысты. Қазақстан Азаматтық Альянсының төрағасы Нұрлан Ерімбетов өткізілген Іс-шараның модераторы болды, деп хабарлады партия.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда әлемдегі өте жоғары мақсат қойған бағдарламалардың бірі бастау алды. Осындай жағдайда мейлінше мол нәтижеге қол жеткізу үшін азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынта-жігерін жұмылдырудың маңызы зор. Сондай-ақ, сарапшылық және азаматтық қоғамдастық өкілдері Ұлт Жоспары – «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамын іске асыруда қолданатын механизмдерді дайындау үшін мүмкіндік туғызатын тиесілі жағдайды жасау қажетті фактор болып табылады.
««100 қадам» Бағдарламасы – бес институтционалдық реформаны іске асырудың мейлінше нақты алгоритмі. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы бес реформаның барлығын қамтитын Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс әзірледі», - делінген хабарламада.
Аталған ұсыныстар мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігін түбегейлі арттыруға, сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын модернизациялау бойынша тиімді әрекеттерге, қазақстандық біртектілікті нығайтуға, «Ашық Үкімет» жұмысының механизмдерін жетілдіруге, меморгандардың мөлдірлігі мен есептілігіне, қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы