• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінің жобасы Астанадағы ТМКҚ алаңында талқыланды

ҚР-ның Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінің жобасы Астанадағы ТМКҚ алаңында талқыланды

12 Маусым, 2015 17:06
Тау өндіру және тау-металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының алаңында ҚР-ның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

«Бүгінде тау өндіру және геология секторы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңда айтарлықтай өзгерістерді сезінде. Жалпы, 100-ден астам өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ағымдағы жылы біз оны пилоттық режимде іске қосымыз. Жаңа әдіс бойынша 100 кенорны ауыкционға шығарылады», - деді ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Альберт Рау ҚР-ның  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексін талқылауға арналған дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, ҚР-ның  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексті қабылдау экономикалық ынтымақтастық пе. Даму ұйымына енуге ұмтылуға жауап береді.

«Аталмыш заңмен жұмыс істегенде біз көптеген түйіткілді мәселелер осы Кодексте өз шешімін табады деген болатынбыз. Кодекс тұжырымдамасы көрсетіп отырғандай жер қойнауын пайдалануға құқық беру жеңілдетіледі»,- деді А.Рау.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар