- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясы Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс әзірледі
«Нұр Отан» партиясы Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс әзірледі
«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Бес институтционалдық реформаны іске асыру үшін 100 нақты қадамды белгіледі. Елдің алдында 5 ауқымды мақсат тұр: орташа таптың үлесін арттыру, бірыңғай ішкі нарықты дамыту, жемқорлықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын құру және бірлікті нығайту», - деді С.Нұрбек.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда әлемдегі өте жоғары мақсат қойған бағдарламалардың бірі бастау алды. Осындай жағдайда мейлінше мол нәтижеге қол жеткізу үшін азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынта-жігерін жұмылдырудың маңызы зор. Сондай-ақ, сарапшылық және азаматтық қоғамдастық өкілдері Ұлт Жоспары – «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамын іске асыруда қолданатын механизмдерді дайындау үшін мүмкіндік туғызатын тиесілі жағдайды жасау қажетті фактор болып табылады, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Аталған Жоспарды іске асырудағы тиімді қоғамдық механизмдер бірінші кезекте азаматтар мен мемлекет дамуының әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған күрделі институтционалдық өзгерістердің бастаушысы ретіндегі халықтың билікке сенімін күшейте түседі.
«100 қадам» Бағдарламасы – бес институтционалдық реформаны іске асырудың мейлінше нақты алгоритмі. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы бес реформаның барлығын қамтитын Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс әзірледі.
Бүгін осы 50 қадам «Sarap Time» сарапшылар тобының отырысында таныстырылды. Аталған ұсыныстар мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігін түбегейлі арттыруға, сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын модернизациялау бойынша тиімді әрекеттерге, қазақстандық біртектілікті нығайтуға, «Ашық Үкімет» жұмысының механизмдерін жетілдіруге, меморгандардың мөлдірлігі мен есептілігіне, қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған.
Айта кетейік, «Sarap Time» сарапшылар клубы – саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тақырыптар бойынша өзекті проблемаларды сарапшылардың талқылауы және кәсіби шешімдер мен ұсыныстарды әзірлеу үшін үнемі әрекет ететін пікір алмасу алаңы.
Клуб қазақстандық қоғамның барлық топтарының арасындағы сындарлы диалогты жақтайды. Қызметі ашық қоғамның құндылықтарына негізделген: азаматтардың дербес және ұжымдық бостандығы, нарықтық экономика, құқық үстемдігі, идеялар мен бастамалардың еркін бәскелестігі. Клуб «Медиялық технлогиялар орталығы» бастамасы бойынша, «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының қолдауымен құрылды. Жоба жетекшісі – Артур Нығметов, Медиялық технологиялар орталығының директоры.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері