- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА-ның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің елім» автомотошеруіне қатысушылар Астанаға келді (ФОТО)
ҚХА-ның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің елім» автомотошеруіне қатысушылар Астанаға келді (ФОТО)
Осыған дейін, яғни биылғы жылдың 29- мамырында қозғалыстың белсенділері «Wheels Brothers MC» мотоклубымен бірлесіп, Атырауда автомотошеруді бастаған болатын. Жоба көпұлтты еліміздің өкілдерін кездесулер мен пікір алмасу, түрлі облыстардың дін өкілдері мен конфессия өкілдерінің және жастарының арасында достық қарым-қатынасты дамыту арқылы елді біріктіру болатын.
«Осыдан бірнеше жыл брын ойға келген достарымызбен Атыраудан Алматыға дейін барып қайту жөніндегі бастама автомотошеруге ұласты. Біз достарымызбен тіз қатар жайғасып, Қазақстан қалаларын аралауға кірісіп, жол бойы көрген-білгендерімен, алған әсерлерімен бөлісіп отырдық. Екі жылдан соң еліміздің жастарын біріктіріп, оларға еліміздің көрікті жерлерін көрсетуді мақсат еткен республикалық акция ретінде ұйымдастырдық»,-деді «Wheels Brothers MC» мотоклубының президенті Олег Шмаль.
Бұл ретте ол шараға қатысушылардың жастарының мөлшері 19-дан 42-ге дейін екендігін, ал өздерінің келесі баратын қалалары Қостанай болатындығын жеткізді.
«Одан әрі біз Қостанай, Орал, Атырау және Ақтау қалаларына жол тартамыз. Автомотошерудің далпы уақыт мерзімі 20 күнді құрайды, ұзақтығы 8 мың 500 километр»,-деді О.Шмаль.
Айта кететін мәселе, өзінің ерекшелігінің арқасында бұл жобаға еліміздің жастарының ең белсенді бөлігін тартып, оларға Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында алдыға қойған міндеттерін айқын, қолжетімді жағдайда түсіндіруге мүмкіндік береді. Шеру Атыраудан басталып, еліміздің 20 қаласы мен елді мекендерінен өтеді.
Индира Кауметова
Фото Азамат Алиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық