Д.Ерғожин: ҚР-да салық төлету жазалау деген мағына емес

12 Маусым, 2015 15:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің 1 маусымнан бастап салық және кедендік тәртіпті күшейтуі жазалу деген емес, деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин салықтық бақылауды күшйту және көлеңкелі экономикамен күрес тақырыбындағы брифингте.

«Біз бүгін өте жақсы пікір алмастық, «Атамекен» ҰКП барлық облыстық құрылымдары қосулы болды. Кей саладарда әкімшілендіру сапасы бойынша мәселелер бар, біз нақты компаниялар мен олардың проблемаларын жазып алдық. Жалпы, біз 10 маусымнан басталған кірістер комитетінің салық және кедендік тәртіпті күшейту бойынша әрекетін түсіндірдік. Негізі салық төлету жазалау деген сөз емес», - деді  Д.Ерғожин.

Комитет басшысы түсіндіріп кеткендей, салықтық тексерістер тәуекел аймағына енген тұлғаларға ғана жүргізіледі  олар 1%-ға да жетпейді.

«Бүгінде ол Алматы бойынша 200 компаниядан аспайды. Жалпы, еліміз бойынша 1 млн 200 мың салық төлеушінің 1200-і, яғни 1%-ға да жетпейді. Сондықтанда мұнда бизнеске жоспарлы түрде қысым көрсету жоқ», - деп сендірді ол.

Бұдан басқа, Д.Ерғожин еске салып өткендей Алматы облысында өтпелі бақылау жүйесі жасақталуда. Бұл жүйе болашақта толығымен автоматтандырылатын болады және ол барлық процесстің ашық өтуіне жағдай жасайды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар