ҚР-да салық қысымы туралы ақпарат қолжетімді болады

12 Маусым, 2015 14:42
Қазақстанда салалық салық қысымы туралы және компания кірісіне байланысты салық қысымы туралы ақпарат қолжетімді болады, деді ҚР Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Дәулет Ерғожин көлеңкелі экономика мен күресу мен салық бақылауының күшейтілуі брифингінде.

«Жақын уақытта салалық салық қысымы туралы ашық түрде ақпарат ұсынатын боламыз. Бұл әрбір саланы тыңғылықты қарап, есепте ұстау үшін жасалады», - деді Д.Ерғожин.

Комитет басшының айтуынша, Қазақстанда бизнесмендердің негізгі бөлігі салықтық міндетін орындайды.

«Әрине, белгілі проблемалар бар. Кірістер мен тауарды жасыру да кездеседі. Бұл БАҚ-та айтылды, осы бағыттағы жұмсыс жалғасуда. Жалпы, ҚР Кәсіпкерлерінің негізгі бөлігі салық міндетін орындайды. Біз ашық диалог және түсіндіру жұмыстары арқылы салық мәдениетін арттыруды және салық жинауды жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асырамыз», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар