- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл әкімдерінің қызметін 2016 жылдан бастап автоматтандыру жоспарланған – Жақыпова
Ауыл әкімдерінің қызметін 2016 жылдан бастап автоматтандыру жоспарланған – Жақыпова
«Мобильдік топтар пилоттық режимде жыл соңына дейін жұмыс істейді. Келер жылдан бастап, біз Аршалы ауданында жобаны жүзеге асырып, әрекеттегі заңнамаға өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде олар екі қызмет атқарады – әлеуметтік көмекті тағайындауға құжат қабылдау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау. Аршалы ауданында енгізілмек жоба порталда жүзеге асыру қызметін қарастырады», - деді С. Жақыпова.
Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, әрі қарай пилоттық мобильдік топтар ауыл округі әкімі дәрежесінде электронды түрге көшеді.
«Ақмола облысының Аршалы ауданында ағымдағы жылғы 16 маусымда ауылдық округтер әкімдерінің қызметін автоматтандыру жөніндегі бағдарлама пилоттық режімде іске қосылды.Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық округтерде тұратын жұмыссыздарды, аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмысшыларды есепке алу.Аталған бағдарламаны енгізу:ауылдық округтерде өз бетімен жұмыс істейтін және аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмысшыларды есепке алуды жүйелендіруге, еңбек ресурстарының теңгерімін жасауға, тұрғындардың мақсатты топтарын жұмыспен қамтуды қолдау шараларын анықтауға, ішкі еңбек көші-қонын анықтауға, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтарды нысандандыруға, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары бар-жоғы туралы мәліметтерді жүйелендіруге мүмкіндік береді», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері