- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бизнес-инкубатор ашылды (ФОТО)
ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бизнес-инкубатор ашылды (ФОТО)
Орталық мәліметтеріне қарағанда, жыл бойына бизнес-инкубатордың жемісті жұмыс істеуі үшін «Мүгедектердің еркіті қоғамы» арқылы қажетті шарттар қалыптастырылды. Оның мақсаты: ерекше мүмкіндігі бар азаматтардың мамандық алып, тұрақты жұмыс орнына қабылданып, өзінің мүмкіндігіне қарай жеке өзінің бизнесін ашу қабілетін ояту болып табылады.
Бизнес-инкубатор Шығыс Қазақстан облысының жұмыыпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының БҰҰ-ның бағдарламаларымен бірлескен түрде атқарған жұмыстарының арқасында іске қосылды. Енді орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға кәсіби диагностика жасап, еңбек нарығы үшін маңызды болып табылатын бағыттар бойынша қайта дайындау мен біліктілігін арттыру курстары мене «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалары бойынша бизнес-консультациялар ұйымдастырып, кеңселік жұмыс орындарын құрып, жаңадан басталған іскерлік әрекеттерге қолдау көрсетеді.
«Бизнес-инкубаторын құру мәселесі мынадан басталған еді. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 58 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың 15,5 мыңы еңбекке жарамды. Бірінші кезекте бұл топтағы азаматтардың оқыту керек. Алайда бұл оқуға арнайы интернаттардың көмегі аздық етеді. Ерекше қабілеті бар азаматтардың, әсіресе жастардың одан әрі де дамығылары келеді. Осы дамуға қажетті жағдайларды қалыптастыру үшін осындай бизнес-инкубатор іске қосылды»,-деді Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Айжан Садықова.
Айта кететін мәселе, бүгінгі таңда бизнес-инкубаторларда 68 адам оқып жатыр, оның 28-і ШҚО барлық аудандары мен қалаларының оқу орындарының түлектері. Олар мұнда массажшы, пішуші, веб-дизайнер, жиһаздар шебері, тігінші, шаштараз сияқты мамандықтар бойынша диплом алады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды