• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ДСӘДМ өңірлерде бірқатар мемлекеттік қызмет көрсетуді қолайлы ете түседі (ФОТО)

ҚР ДСӘДМ өңірлерде бірқатар мемлекеттік қызмет көрсетуді қолайлы ете түседі (ФОТО)

12 Маусым, 2015 13:46
Мүгедектігі, жасы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алу, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу сынды қызметтер бір жерде берілетін болады, деді ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Жақыпова.

«Мүгедектігі, жасы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға; 1 және 2-ші тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алуға; еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемдер алуға; базалық зейнетақы төлемдерін алуға; атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды рәсімдеу бір жерде жүзеге асады», - деді С.Жақыпова.

Тағы 4 мемлекеттік қызмет түрі, атап айтқанда, жасына қарай мемлекеттік жәрдемақы, базалық зейнетақы, жұмысынан айырылу жағдайы және бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтік төлемдер «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.«Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық округтерде тұратын жұмыссыздарды, аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмысшыларды есепке алу», - деді ол.

Аталған бағдарламаны енгізу: ауылдық округтерде өз бетімен жұмыс істейтін және аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмысшыларды есепке алуды жүйелендіруге,  еңбек ресурстарының теңгерімін жасауға, тұрғындардың мақсатты топтарын жұмыспен қамтуды қолдау шараларын анықтауға,  ішкі еңбек көші-қонын анықтауға,өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтарды нысандандыруға, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары бар-жоғы туралы мәліметтерді жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар