• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтауда «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша орталық сумен қамтамасыз ету жүйесі іске қосылды (ФОТО)

Ақтауда «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша орталық сумен қамтамасыз ету жүйесі іске қосылды (ФОТО)

13 Маусым, 2015 11:02
Ақтауда «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Орталық сумен қамтамасыз ету (ОСҚ-4) жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Әкімдік мәліметтеріне қарағанда, аталмыш жүйе құрылысына жергілікті бюджеттен 480 миллион теңге салынған. Орталық сумен қамтамасыз ету жүйесінің іске қосылуына орай 26 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.   

«Тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасы жергілікті атқарушы органдар үшін басым бағыт болып табылады. Сумен қамтамасыз еиудің төртінші орталық жүйесі облыс олрталығын дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданына жақын орналасқан елді  мекендер Ақшүкір мен Сайынды сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоғарғы жақта орналасқан аудандар үшін тағы бір маңызды желінісіске қоспақпыз. Бұл – қаланың ерекше дамып келе жатқан аймақтарындағы электрге деген сұраныс өсімін қамтамасыз ететін төртінші негізгі төмендеткіш станса»,-деді аймақ басшысы Алик Айдарбаев.   

Айта кететін мәселе, Маңғыстау облысының шалғайдағы елді мекендерін таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында «Каспий» суды тұщыландыру зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Жаңғырту жұмыстарынан кейін зауыт тек Ақтау қаласын ғана емес, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарын да сапалы таза сумен қамтамасыз ететін болады.   

 

 

Барлық жаңалықтар