• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Астанада 100 пайыз қазақстандық кремнидің негізінде күн сәулесі батареялары шығарылуда

ИИДМБ: Астанада 100 пайыз қазақстандық кремнидің негізінде күн сәулесі батареялары шығарылуда

12 Маусым, 2015 13:04
Астанада фотоэлектрлі модульдер шығаратын «Astana Solar» зауыты 100 пайыз қазақстандық кремнидің негізінде күн сәулесі батареялары шығаруда. Зауыт құрылысы «Қазақстан Республикасындағы үдетілген индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы» мен «Қазақстанның индустрияландыру картасы» бағдарламаларының бір бөлігі болып табылады және оған 5,005 миллиард теңге бөлінген.

«Оның мақсаты – Қазақстанда толықтай вертикалды-ықпалдасқан фотоэлектрлік модульдер циклының кремниді қайта өңдеуден күн сәулесі тақталарын жинауға дейінгі өндірісін жолға қою болып табылады. Зауыт жаңа буынның еуропалық автоматтандырылған құрылғыларымен жарақтандырылған және ол қуаты 50 МВт болатын дайын фотоэлектрлі модульдер өндіруге қауқарлы және бұл қуат алдағы уақытта 100 МВт-қа дейін жеткізілетін болады»,-делінген «Астана –жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының баспасөз қызметі.  

Жобаны маңыздылығы Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы мен «Энергияүнемдеу-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында ерекше арта түсетін болады.  

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар