- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: Қазақ хандығының қалыптасуына әйелдердің қосқан үлесін зерттеу тарихты жан-жақты ашуға мүмкіндік береді
Г.Әбдіқалықова: Қазақ хандығының қалыптасуына әйелдердің қосқан үлесін зерттеу тарихты жан-жақты ашуға мүмкіндік береді
Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оған Парламент депутаттары, мемлекеттік орган қызметкерлері, Қазақстандағы БҰҰДБ, ғалымдар мен сарапшылар, ЖОО өкілдері, магистранттар мен студенттер қатысты.
Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Г.Әбдіқалықова Қазақ хандығы Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғанын айтып өтті. Ал, Қазақ хандығының тарихын зерттеу «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясын дамытудағы маңызы зор, сондай-ақ, Ұлт жоспары-100 нақты қадамында алатын орны ерекше.
«Тарихта қазақ әйелдері жігерлікпен, табандылықпен ерекшеленді. Осы орайда олардың Қазақ хандығының қалыптасуына қосқан үлесін зерттеу өте орынды, бұл іс қазақ тарихын жан-жақты ашуға мүмкіндік береді», - деді Мемлекеттік хатшы.
Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар ғылыми зерттеулерді өткізудің маңызын атап өтті. Тарих беттерінен жоғалып кеткен әйгілі әйелдердің есімін қайта жаңғырту керек. Осы орайда Қарашаш және Айғаным, Бопай ханым мен Бай Ана, Тойқара ханым сынды қазақ ұлтының азаматшалары аталды.
Айта кетерлігі, конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданады.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері