• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдері кеме қозғалысына қатысты келісімге қол қоймақ

2015 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдері кеме қозғалысына қатысты келісімге қол қоймақ

12 Маусым, 2015 17:51
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі Иайр Масұровтың төрағалығымен комиссияның мәжілісі өтіп, онда Кеме қозғалысы туралы халықаралық келісімнің жобасы қаралды.

Мәжіліс барысында айтылғанындай, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері 2015 жылдың соңына дейін Кеме қозғалысы туралы келісімге қол қоймақ. Келісім ЕАЭО-тың туы ілінген кемелердің осы ұйымға мүше мемлекеттер аймағында рұқсатсыз жүзуіне мүмкіндік береді»,-делінген ЕЭК баспасөз қызметінің мәліметтерінде.

Тайыр Масұров қысқа мерзім ішінде экспорттық келісімді жасап, оның жобасын ЕЭК алқасының қарауына биылғы жылдың қыркүйек айында беруді ұсынды. Бұл ретте министр су көліктері саласындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту мақсатында ұйымға мүше мемлекеттер ЕЭК-ға кеме қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнамаларды үйлестіру, техникалық реттеу, сақтандыру мен лицензиялау салалары бойынша ұсыныстар енгізулері қажеттігін айтты. Мәжілісте бұған қоса, тауарларды түрлі көлік түрлерімен тасымалдау туралы мемлекетердің кеден органдарын алдын ала хабардар ету мәселесі де талқыланды.      

«Консультативтік комитет мүшелері ЕАЭО Кедендік кодекске қатысты келісімінің жобасына тасымалдаушыға комиссияда қаралған тауарлардың құрылымы мен форматы жөнінде ақпараттарды міндетті түрде беру туралы бап енгізуді ұсынды»,-делінген хабарламада.

Бұл   мәселе бойынша қорытынды шешімді ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Владимир Гошинның төрағалығымен өтетін кеден заңнамаларын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы  қабылдайды.

 

 

Барлық жаңалықтар