- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысының ТЖД мен жергілікті билік өкілдері бірлескен оқу-жаттығу өткізді (Фото)
Қарағанды облысының ТЖД мен жергілікті билік өкілдері бірлескен оқу-жаттығу өткізді (Фото)
Осындай жоғары көрсеткіш көрсетудің тағы бір себебі, Ұлытау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып, етене жұмыс жасауының нәтижесінде болса керек, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметі.
Жалпы аудан бойынша 164 ерікті өрт сөндіру жасағы бар, оның құрамына 641 адам кіреді. Ерікті өрт сөндіру жасағының құзыреттілігінде аудан бойынша 60 өрт сөндіруге жабдықталған арнайы техникалар бірлігімен 3 өрт сөндіру мотопомпасы бар. «2014 жылы жалпы 565 га аумақтағы 23 табиғи өрт орын алған. Барлық өрттер Қарағанды облысының ТЖД және Ұлытау ауданының ерікі өрт сөндіру жасағының күшімен сөндірілді», - делінген хабарламада.
2012 жыл мен 2013 жылдың аралығында техногенді және табиғи апаттардың алдын алу және апаттарды жою мақсатында Ұлытау ауданының әкімдігі төтенше жағдайлар бөлімі мен округтердегі ерікті өрт сөндіру жасақтары үшін арнайы техникалар мен қондырғыларды сатып алды.
Аудандық әкімдіктің қолдауымен 210 өрт сөндіргіш құрал алынды, 1 автономды электрогенератор, 3 су сору насосы, 5 бензинді ағаш арасы, 3 спутниктік телефон, 1 жеңіл автокөлік және жолсыз жерде жүру мүмкіндігі жоғары ГАЗ 66 базасындағы «КУНГ» арнайыландырылған көлік алынды. Сондай-ақ тұрғындарға тарату мақсатында әдістемелік нұсқауларға да әкімдік тарапынан қаржы бөлінген болатын. Сатып алынған жолсыз жерде жүру мүмкіндігі жоғары автокөліктің арқасында ауданның құтқарушылары ағымдағы жылда 6 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, қар құрсауынан адамдар мен көліктерді шығарып алды.
Бүгін Ұлытау ауданының ТЖ бөлімі жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып, табиғи өрттерді сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізді. Аталмыш шарада Ормандармен жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің, медициналық қызметінің, ерікті өрт сөндіру жасағының, сонымен қатар жергілікті атқару органдарының күш пен құралдары тексерілді. Дала өрттерінің алдын алуға арналған жаттығу барысында қызметтердің дайындығы анықталды.
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар жергілікті тұрғындарға үлкен алғыстарын білдіруде, себебі тұрғындардың арқасында жеке өрт сөндіру жасақтары жасақталып аудандағы үлкен дала өрттерінің алды алынды.
Аудандағы бірлік пен тірліктің арқасында, жұдырықтай жұмылған ұжымның нәтижесінде Ұлытау ауданында тыныштық орнауда.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді