- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазҚұрылысШыны» компаниясы 2015-2017 жылдардағы жетекші жобаларды шынылармен қамтамасыз ету жөнінде келісім жасалды - NadLoС (ФОТО)
«ҚазҚұрылысШыны» компаниясы 2015-2017 жылдардағы жетекші жобаларды шынылармен қамтамасыз ету жөнінде келісім жасалды - NadLoС (ФОТО)
«Алматыдағы зауыт 2004 жылдан бастап жұмыс істеуде және ол қаланың 5,82 гектар аумағын алып жатыр. Өндіріс ғимаратының көлемі 8 мың шаршы метр, қосымша ғимараттардың көлемі 10 мың шаршы метр. Жаңа зауыт «Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймағындағы 3,4 гектар жерге орналасқан. Компания өндірісі әйнекті қайта өңдеу мен шынылардан жасалған кең ауқымды тауарларды шығаруға бағытталған. 2004 жылдан бері 250-ден астам нысандарды әйнекпен қамтамасыз еткен»,-делінген хабарламада.
Агенттік мәліметтерінше, «ҚазҚұрылысШыны» компаниясы Қазақстандағы ірі инвестициялық құрылыс жобаларымен жұмыс істейді.
«Астанадағы «Астана Централ Парк» кешені. Жобаның құны 6 млрд доллар, құрылыс алаңы 1 150 000 шаршы метр. Алматыдағы «Көк жайлау» таң шаңғысы демалыс орны. Жобалық құны 450 миллион доллар. Алматыдағы қысқы Олимпиада, аталмыш шараны өткізу үшін 5,5 мың орынға арналған олимпиадалық ауылды қоса алғанда 14 нысан салынбақ. Тұрғын үй бағдарламасы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту. Алматыдағы Наурызбай ауданы, G4 City G4 City – бұл құны 40 миллиард доллар болатын Алматы қаласы мен Қапшағай көлінің арасында 4 қала-жерсеріктерін салуды қарастыратын теңдессіз жоба»,-делінген хабарламада.
Бұған қоса, NadLoС, мәліметтері бойынша, маңызды рөл қазақстандық қамтуға бөлінген.
«Қазақстандық қамту деңгейін арттыру - «ҚазҚұрылысШыны» компаниясының басым бағыттарының бірі. Компания ылғи да өзінің тауарлары мен қызметтерінің арасында тұрақты бизнесті қалыптастыру жұмыстарының аясында қазақстандық қамту деңгейін арттыруға тырысуда. Әйнек өнеркәсібі саласындағы отандық мамандардың болмауына байланысты компания қазақстандық мамандарды жалдап, олардың біліктіліктерін арттыруға күш салуда»,-делінеді тағы да хабарламада.
Ботагөз Айтжанова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек