- Басты
- Жаңалықтар
- Мектеп оқушылары мен әскери кафедраның студенттері нағыз кедергі жолақтарынан өтті (Фото)
Мектеп оқушылары мен әскери кафедраның студенттері нағыз кедергі жолақтарынан өтті (Фото)
Автоматты бөлшектеу және құрастыру, газтұмылдырық пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, кедергі жолақтарынан өту, жаралыны алып өту, радио байланысты пайдалану – жасөспірімдер осынау даярлықтан әскери қызметшіден еш қалыспай өтті.
Жүктелген міндетті сапалы орындап, жақсы нәтижелер көсетті. Олар қысқа мерзім ішінде барлық сынақтардан өтуі тиіс болатын. Әр оқушы тек бір аумақтан өтіп, эстафетаны аяқтаушы жаралыны құтқарғаны туралы баяндауы тиіс болды. «Әр топтан 8 адам қатысады, бұл жерде біздің топ газтұмылдырық пен желет және касканы киді.
Маған тапсырған сынақтан мүдірместен өтіп, топты жерге қаратқан жоқпын. Жалпы эстафета топтың рухын көтереді, ұжымды бірге топтасуға септігін тигізеді. Өз командаң үшін барыңды салуға ұмтыласың», - деді Ақтаудың Ш.Есенов атындағы КТИУ әскери кафедрасының студенті Аслан Арыстанов.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін «Айбын» І республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының екінші күні аяқталуда. Ертең 800-ден аса қатысушы әскери-далалық тактикалық ойындар бойынша сайысқа түседі. Үздік топ анықталып, жарыстың шешуші кезеңдері өз мәресіне жетеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері