Үкіметте Ұлттық қор қаражатын игеру мәселелері талқыланды

12 Маусым, 2015 10:24
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ұлттық қордан бөлінген қаражатты игеру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер министрінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына Ұлттық қордан өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға қаражат бөлінді. 

ҚДБ тарапынан ұзақ мерзімді жеңілдікті инвестициялық жобалар келесі шарттармен жүзеге асырылады: сыйақының атаулы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан артық емес, несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін, негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең – 24 ай, бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті - 200 млн теңгеден бастап 5 млрд теңгеге дейін.

2014 жылдың желтоқсанында ҚДБ-не 50 млрд теңге көлемінде алғашқы транш бөлінді, ағымдағы жылдың наурыз айында банк тағы 50 млрд теңге алды. 4 маусымға дейінгі жағдай бойынша жалпы 46 млрд 442,3 млн теңге сомаға ірі кәсіпкерлік субъектілерінің 39 жобасы мақұлданды. 

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері «Даму» қоры арқылы жеңілдікті несиелеуді келесі шарттармен алады: сыйақының атаулы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан артық емес, несие желісі бойынша қолжетімділік кезеңі – бір жылға дейін, бір қарыз алушыға максималды лимит - 1 850 млн теңге.

Өткен жылы қорға бөлінген 50 млрд теңге транш пен 50 млрд теңгеден – наурызда өңдеуші өнеркәсіптегі және қызмет көрсету саласындағы жалпы 80 750 млн теңге сомаға ШОБ субъектілерінің 425 жобасы мақұлданды. 

Кеңес қорытындысы бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне, «Даму» қорына және ҚДБ-не банктермен бірге Ұлттық қордың қаражатын игеру бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.

 

Барлық жаңалықтар