- Басты
- Жаңалықтар
- «Aстана Балет» театры «Клеопатра» және «Кармен» бірактілі балеттердің премьерасын дайындауда
«Aстана Балет» театры «Клеопатра» және «Кармен» бірактілі балеттердің премьерасын дайындауда
Ж. Бизе - Р. Щедрин және М. Равельдің музыкасына қойылған спектакльдің хореографтары - Мукарам Авахри (Қазақстан) мен Николай Маркелов (Ресей). 2015 жылғы маусымның 24-25 күндері «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында қойылымдардың премьерасы өтеді.
Театр тұңғыш рет белгілі тарихи тұлға мен әдеби кейіпкердің бейнесін сомдаған спектакльді ұсынып отыр. Театрдың бұған дейінгі қомақты қойылымдарында ел тарихының кезеңдері мен философиялық ой-толғаулар хореография тілімен өрнектелгенімен ондағы кейіпкерлер нақты бір адамға арналмаған болатын.
Әлемдік әдебиетте Клеопатра мен Карменнің образдары ерекше орын алады. Клеопатра – көне дәуірдегі ең атақты әйел,египет патшайымы.Кармен – әлемдік әдебиеттегі ең жарқын әйел образдарының бірі.Екеуі де мыңдаған жылдар бойына өз көркімен адам баласын тәнті еткен жандар. Олар суретшілер, композиторлар мен хореографтардың қиялын шарықтатты. Әлемде Клеопатра мен Кармен жайлы спектакль өтпеген театр жоқ шығар. ХVIII ғасырдан бастап олардың әрқайсысы туралы 10-ға тарта балет қойылған.
Удмурт Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Николай Маркелов Морис Равелдің музыкасына өзінің хореографиялық нұсқасын ұсынды. Бұл Клеопатраның қалай Египеттің патшайымы болғандығы туралы қойылым. Балеттің суретшісі және сценографы Сергей Новиков.
Әлемдік хореография тарихында Кармен жайлы 15 шақты балет бар. Олардың барлығы Проспер Мерименің новелласыне негізделген. Қазақстандық хореограф Мукарам Авахри Карменнің махаббаты мен қасіретін өздігінше бейнеледі.
Құсқа қанат бітіргендей классикалық махаббат оқиғасын өзінше бейнелеген оның басты кейіпкері сан қырлы: әрі батыл, әрі еркіндік сүйгіш, әрі сүйкімді, бірақ өкінішке орай тағдыры қайғылы. Бұл спектакльдің суретшісі және сценографы қазақстан көрермендеріне «Жусан» балетіндегі жұмысымен танымал болған Ольга Шаишмелашвили.
Бірактілі жаңа екі спектакль – «Астана балет» Театрының 2015 жылдағы алғашқы премьералары. Ұжым бұл қойылымдарды театр маусымының соңында және Астана күні мерекесінің қарсаңына ұсынады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар