• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаевтың сөздері бейбітшілік жолындағы жаһандық диалогты бастауға шақырады - сарапшы

Н.Назарбаевтың сөздері бейбітшілік жолындағы жаһандық диалогты бастауға шақырады - сарапшы

11 Маусым, 2015 19:03
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі барлық әскери қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік жолындағы диалогты бастауға шақырады және бұл біздің барлығымз қол жеткізуіміз тиіс игі мақсат, деді Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері министрінің кеңесшісі Фахд аль-Лихедан ОКҚ.

«Біз экстремизммен күресте бір-бірімізге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені экстремизм адамзат үшін ерекше қауіпті. Экстремистер біздің пікіралуандылығымыздан бас тартып, бірыңғай ұлт болуымызды қалайды. Бұл жерде біздің ортақ мәселелерімізді, деrларациялар мен кеңестерді талқыға салу маңызды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан кеңестері съезге қатысушылардың барлығына да пайдалы. Оның сөздері бізге қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік жолындағы диалогты бастауға шақырады. Бұл біздің барлығымыз қол жеткізуіміз тиіс ізгі мақсат»,-деді Абдулла ибн Фахд аль-Лихедан.

Оның сөзінше, конференция ашық әрі еркін болды. 

«Біз – дін көшбасшылары жауапкершілікті арқалап келеміз, алайда, меніңше мұндай жауапкершілікті ұстаздар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де арқалап жүр.  Барлығы да азаматтардың бейбіт өмір сүру үшін экстремизммен күрестегі ақыл-ой парасаттары үшін жауапты. Осы ретте айта кететін мәселе оқу орындары мен БАҚ бейбітшілікте өмір сүру мен даму үшін маңызды құралдар болып табылады. Сонымен қатар, біз экстремизмнің экономикалық құрамын да талқыға салдық. Біздіңше, дамып, гүлдену терроризм мен экстрмизмді жеңуде маңызды құрал»,-деді Сауда Арабиясы Корольдігінің Ислам істері жөніндегі министрінің көмекшісі. 

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар