• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысушылармен кездесті

Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысушылармен кездесті

11 Маусым, 2015 18:54
Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз-қызметі.

Әңгіме барысында ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Ламберто Заньер қатысушылар құрамының ерекшелігін ескере келе, астаналық дінаралық форумның ерекше маңызын атап өтті. Ол сөзінде әлемдегі, әсірее Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделілігін ескере келгенде мұндай форумдардың маңызды екендігін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа барлық халықтардың қауіпсіздігі жолында атқарған зор, жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді. 

Өз кезегінде Қ.Тоқаев Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты дамыта беру басым бағыт болып табылатындығын атап өтті. Хельсинки қорытынды актісінің 40 жылдығының алдында ұйым мен оның парламенттік өлшемі Еуразияның бірлескен қимылдары мен диалогының маңызды алаңы болып табылады, деп есептейді Қ.Тоқаев.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің дін бастамалары жөніндегі басқармасының жетекшісі Шон Кейси Мемлекеттік хатшы Джон Керидің сәлемін және оның дінаралық диалогқа ерекше көңіл бөлетіндігін жеткізді. Өзінің съезге қатысты әсерімен бөліскен Ш.Кейси діндер арасындағы диалогты нығайтуға осыншалықты жемісті күш салып отырған бірде-бір мемлекеттің жоқ екендігін атап өтті.    

Испанияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Мигель Анхел Маратиноспен пікір алмасу кезінде съез бен БҰҰ-ның Өркениеттер альянсы арасындағы ынтымақтастық мәселесі сөз болды. М.Маратионстың сөзінше, әлемдегі күрделі жағдайлар, нақтырақ айтқанда уақыт өткен сайын өсіп келе жатқан радикализм деңгейі съез жұмысын ерекше маңызды ете түсуде. "Бұл съез туралы осыдан 12 жыл бұрын бастама көтерген Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігін көрсетеді",-деді ол.   

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дін істері және Вакуфтер жөніндегі Бас агенттігінің Атқарушы директоры  Мухаммед Убейд аль-Мазруи Қазақстанның дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер үшін пікірталас алаңын уақытында, әсіресе Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығып тұрған кезінде ұсынғанын атап өтті. Қазіргі заманда әлемдік дін ретінде Ислам туралы дұрыс ақпарат беру маңызды. Бұл өз кезегінде экстремистік топтардың дінді пайдалану әрекеттерінің алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, мейман съездің бұдан арғы жұмысына да сәттілік тілеп, алдағы уақытта аталмыш жиынға өзге де гуманитарлық бағыттағы ұйымдардың өкілдері көптеп қатысатындығын қалайтындығын білдірді.     

Бүкіләлемдік исламдық мәзхабтарды жақындату ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мохсен Аракимен кездесуі барысында мұсылмандық умманың бірлігін нығайту, Исламдағы түрлі ағымдардың арасын жақындату, үгіт-насихат арқылы экстремизмге қарсы тұру мәселелері сөз болды.   

 

   

 

Барлық жаңалықтар