- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кездесу қорытындысында V съездің Декларациясы қабылданды
Астанадағы әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кездесу қорытындысында V съездің Декларациясы қабылданды
«Біз 5-ші съезге қатысушылар келісім мен бейбітшілікті орнату үшін бас қостық, сондай-ақ, адамзат болашағының оңтайландырылуына үлес қосқан ҚР Президенті Н.Назарбаевқа съезді өткізу бастамасы үшін және барлық қазақстандық халыққа, Үкіметке алғыс білдіреміз, - деді зачитал Жан-Луи Торан.
Папа кеңесінің президенті кардинал Жан-Луи Торан атап өткендей, қатысушылар діни лидерлер саяси қайраткерлер мен азаматтық қоғаммен тұрақтылық пен келісімді орнату бойынша пікір алмасып, дауларды шешуге келісті.«Әскери дауларға қатысы бар тараптарды бір бітімгершілікке келіп, зорлық-зомбылықты тоқтату бойынша келіссөздер жүргізіп, бейбіт шешім қабылдауға шақыру жүргізілді», - деді ол.
«Саяси кез келген дау-дамайларды шешуде күш келтірмеу, ол ұлттық және халықаралық дәрежеде болсын жүзеге аспауы керек. Саяси лидерлерді, барлық жетекші державаларды өзара снкция жариялауды тоқтатуға шақыру және БҰҰ және өзге халықаралық ұйымдардың тәртібін қолдану арқылы дауларды шешу қажет», - деді ол.
Құжатта әскери қақтығыстарға қатысып жүрген тараптарды жанжалды тоқтатып, бітімге келіп, келіссөздер арқылы зорлық-зомбылықты доғару, бейбіт тұрғындарды қорғау мен барша қайшылықтарды бейбіт шешу жөніндегі келісімді даярлауға шақырылған.
«Съезге қатысушылар саяси қайшылықтарды шешуде күштік әдістерден табанды түрде бас тартуға, қазіргі заманғы әлемде сенімсіздіктің артуын тоқтатуға, өзара санкцияларды доғаруға, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақты даму үшін рухани және саяси қайраткерлер арасында өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін іздестіруге шақыру.Сонымен қатар Декларацияда әлемдік және дәстүрлі діндерге бірдей сыйластықты қамтамасыз ету мәселесі атап өтілген. Мұнымен қоса онда өшпенділік пен зорлық-зомбылықты тудыруға бағытталған арандатуларға қарсы тұру, сондай-ақ экстремизмге және лаңкестікке қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерге қолдау жасау мәселесі қамтылған», - деді ол.
Атап айтқанда қатысушылар Съездің БҰҰ-мен, қауіпсіздік саласында халықаралық ұйымдармен бұдан ары қарайғы өзара іс-қимылын дамытуға, жастардың білімін жетілдіруге жәрдемдесуге, БАҚ-ты дінаралық өшпенділіктің отын жағу үшін пайдалану тәжірибесін тоқтауға шақырды.Сондай-ақ, құжатта кедейліктің, ашаршылықтың, эпидемиялардың, жұмыссыздықтың және өзге де қатерлердің проблемаларын шешу үшін діни және саяси қайраткерлердің күш-жігерін жұмылдыру атап өтілген.Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі съезі 2018 жылы Астанада өтеді.
Индира Қауметова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар