• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Съез декларациясы жер бетіндегі өмірлік маңызы бар мәселелерге деген бірыңғай көзқарасты танытты

Н.Назарбаев: Съез декларациясы жер бетіндегі өмірлік маңызы бар мәселелерге деген бірыңғай көзқарасты танытты

11 Маусым, 2015 17:01
Съез декларациясы жер бетіндегі өмірлік-маңызы бар мәселелерге деген бірыңғай көзқарасты танытты, біз бір-бірімізге, бейбітшіліктің ерекше маңызды екендігіне, діндер, мемлекеттер мен халықтар арасындағы келісімге деген тағы бір қарышты қадам жасадық, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің аясындағы пленарлық мәжілісте.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өзінің жұмысын аяқтағалы отыр. Съез делегаттары қонақжай қазақ жеріне келгенде өздерінің алдыларына қойған мақсаттарына жетті. Біз бір-бірімізге, бейбітшііліктің ерекше маңыздылығына деген, діндер, мемлекеттер мен халықтар арасындағы келісімге тағы бір қарышты қадам жасадық»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Астанада өткен съездің арқасында барлық тараптар бүкіл әлемдік қоғамдастықтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін паш етті.   

«Сондай-ақ съезде жер бетіндегі өмірлік-маңызы бар мәселелерге деген бірыңғай көзқарастар танытылған декларация келісіліп, қабылданды. Екі күн бойына Қазақстан астанасында түрлі тілдерде, түрлі дәстүрлерде, бейбітшілік, келісім, әділдік, кешірімділік пен жақындарына деген сүйіспеншілікке деген тілеу орындалды»,-деді Мемлекет басшысы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар