Н. Назарбаев Астанада Бейбітшілік пен келісім музейін құруды ұсынды

11 Маусым, 2015 16:47
Қазақстан Республикасының Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіндегі қорытынды сөзінде Астанада Бейбітшілік пен келісім музейін құруды ұсынды.

«Біздің Съезіміздің тарихы өте бай, сондықтанда Астанада, мына ғимаратта (Бейбітшілік пен Келісім сарайы  -АА)  Бейбітшілік пен келісім музейін құруды ұсынамын. Өздеріңіз білетіндей 2003 жылы өткен алғашқы съезде аталмыш нысанды салу туралы шешім қабылданған болатын, Қазақстан оны арнайы осы форумдар үшін салды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы хабарлағандай, негізгі ой түрлі дін өкілдерінің бір есіктен құлшылық етуге кіруі үшін және одан бір уақытта еш талассыз, бір-біріне сене отырып  шығуына жағдай жасау болып табылады. «Менің ойымша мұндай музей қажет. Бұл дін мен халықтың өзара түсіністігін  дамыту мен нығайтуда маңызды», - деп атап өтті Ұлт көшбасшысы.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев толықтырып кеткендей Бейбітшілік және келісім музейі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ғылыми мекемесі болады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар