• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Германия елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың тереңдеуіне мүдделі

Қазақстан мен Германия елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың тереңдеуіне мүдделі

11 Маусым, 2015 19:46
19 маусым күні Қарағанды қаласында қазақстан-герман сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының 9-шы отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Үкіметаралық жұмыс тобының тең төрағасы, Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау,  Германия делегациясын Германияның экономика және энергетика Федералдық министрінің орынбасары,Үкіметаралық жұмыс тобының тең төрағасы Экхард Франц басқарды.

Бұл шараға екі мемлекеттің салалық министрліктерінен, ведомстволарынан және экономикалық саладағы  мекемелерінен 50-ден аса жауапты қызметкерлер мен өкілдер қатысты.

Аталған шара шілде айында ГФР Экономика және энергетика министрі З.Габриэльдің Астанаға жоспарланған сапарын дайындау және оның шеңберінде  екіжақты келісімдерге қол қою үшін, келісім жобаларын мақұлдау бойынша дайындық кезеңі ретінде болды.

Қазақ-герман үкіметаралық шикізат өнеркәсіп және технологиялық салаларда ынтымақтастық туралы келісімге, Стратегиялық ынтымақтастық бойынша Іскерлер кеңесінің басты жобалар тізіміне енген екіжақты жобаларды жүзеге асырумен қоса, неміс тарапының Астана ЭКСПО-2017 халқаралық көрмесіне дайындық және оған қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар барысында герман делегациясы Қарағанды облысындағы бірқатар кәсіпорындарға, соның ішінде («Бемер» компаниясы, «Изоплюс», «Тау-Кен Темир» және ЖШҚ «КазАрматура Зауыты») герман капиталы бар кәсіпорындарға барып қайты.

Отырыс барысында қатысушылар дәстүрлі түрде екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын: қаржылық ынтымақтастық, инновациялық және экономикалық мәселелер, көлік және жүк тасымалы, энергетика және шикізат, жаңартылған энергия көздерін дамыту, қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылық, ғылым және білім, сонымен қатар «Назарбаев-Меркель» бастамасын іске асыру, Қазақстан Республикасына германдық жоба үлгісіндегі дуалдық білім жүйесін  енгізіп, мәдениет, туризм, денсаулық, статистика, өңіраралық ынтымақтастық орнату, сонымен бірге ынтымақтастықтың құқықтық-келісім негізін дамыту мәселелерін кең көлемде талқылады.

Қарағандыда өткен барлық кездесулер мен келісімдерде делегациялардың қазақстан-герман ынтымақтастығын  арттырып, қарқынды дамытуға әзір екендіктері айқын аңғарылды, сондай-ақ іс жүзінде бірнеше уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар