Бүгінде әлемде 1,5 млрд мұсылман бар - Иордания Королі

11 Маусым, 2015 16:09
Бүгінгі таңда әлемде 1,5 млрд мұсылман бар, деді Иордания Королі Абдалла II Астанада өтіп жатан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің аясындағы пленарлық мәжілісте.

«Біздің жаһандық қоғамдастығымызға діни алауыздықды көздеген дөрекі күштер қауіп төндіріп отыр. Әрбір негізгі деген дін бұл қауіппен бетпе-бет келуі керек болатын және біздің барлығымыз бұл зұлымдықпен бірігіп күресуіміз керек. Бүгінде әлемде 1,5 млрд мұсылман бар. Алайда бір тамшы у бүкіл құдықты зақымдауы мүмкін»,-деді Иордания Королі.

Оның  сөзінше, мұсылмандар өздерінің зұлымдықтарын көлегейлеу үшін дінге ірткі салып отырған радикалды исламшылдар тарапынан ұйымдастырылған қаталдықтармен бетпе-бет келіп отыр. «Бізді осы қылмыстық топтардың әрекеттерінен артық ештеңе де жеккөрінішті емес. Олар сектанттық пен ел ішінде ірткі салуға итермелеп, жастарды тығырыққа тірейді. Олар өздерінің зұлымдықтарын бүкіл әлемге таратады және бұл зұлымджықтар осы мұсылмандардың өздеріне де қарсы бағытталып отыр. Бұл сонымен қатар, өзге де діндер мен діни азшылықтарға бағытталған, сондықтан ол Ислам тарапынан қатаң айыпталады. Барлығы түсінуі тиіс бір мәселе бар- ол топтар мұсылман әлеміндегі ең кіші діни азшылықтар»,-деді ол.      

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар