- Басты
- Жаңалықтар
- Жол бойындағы қызметтер республикалық маңызы бар жолдардың қысқы күтіміне дайындық жұмыстарын жүргізуде
Жол бойындағы қызметтер республикалық маңызы бар жолдардың қысқы күтіміне дайындық жұмыстарын жүргізуде
Бұйрыққа сәйкес, 15 маусымнан бастап жол пайдалану техникалары мен өндірістік базаларды жоспарлы жөндеу жұмыстарына кіріседі, ал 1 шілдеден бастап РМК барлық филиалдарында автомобиль жолдарының қысқы күтіміне байланысты жұмысшы штабтары құрылады, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Аталған мәселелер «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліповтың басшылығымен өткен селекторлық жиында сөз болды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда автомобиль жолшыларының қызметі жолды жөндеу және пайдаланумен ғана шектелмеуі тиіс. Қазіргі уақыттағы басты мәселелердің бірі – автомобиль жолдарының қысқы күтіміне барлық жол-пайдалану техникаларын сақадай сай ұстау, жол бойындағы жылыту пункттерін дайындау болып табылады. Сондай ақ, арнайы техникаларды, жанар-жағар майды, тайғанаққа қарсы қолданылатын материалдардың қоры, қар тоқтататын құралғылар мен көмір сақтайтын өндірістік базаларды да ертерек жөндеуден өткізу қажет.
«Біз жыл бойы республикалық жолдардың бойында көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Ол үшін қоғамдық, жүк және жеңіл көліктер өтетін негізгі жол тораптарын дұрыс пайдаланып, жағдайды бақылауда ұстауымыз қажет» – деді Ұ.Әліпов.
Қысқы күтімнен бөлек республикалық жолдарда жүріп жатқан күрделі және орташа жөндеулер мәселесі де сөз болды. Биыл республикалық жолдарға күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізіп, күтіп ұстауға, көгалдандыруға, зерттеу жүргізіп, ақауларын анықтау жұмыстарына жалпы 37,5 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 308 шақырым жолда күрделі жөндеу жүріп жатыр. Оның 83 шақырымы биыл пайдалануға беріледі. Орташа жөндеу 1 077 шақырым жолда жүріп жатыр. Мердігер компаниялар анықталған, қазір келісім-шарттар жасалу үстінде.
Жиын соғында Ұ.Әліпов АҚ мен РМК барлық филиалдарына техника мен жұмысшыларды шоғырландыруды бақылауға алып, үнемі өндірістік жұмыстардың мониторингін жүргізуді және атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына баса назар аударуды тапсырды. Барлық атқарылып жатқан өндірістік жұмыстардың сапалық көрсеткішіне қатысты жауапкершілік филиалдардың басшыларына жүктелді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы