• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысы ауыл шаруашылығы саласында Түркиямен ынтымақтастуға мүдделі – әкімдік

Қостанай облысы ауыл шаруашылығы саласында Түркиямен ынтымақтастуға мүдделі – әкімдік

11 Маусым, 2015 20:21
Қостанай облысында аймақ басшысы Нұралы Сәдуақасов түріктің «Фимакс» компаниясының өкілдерімен ынтымақтастық болашағы мен машина жасау, ауыл шаруашылығы саласының мәселелерін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Біз тұңғыш рет Қазақстанда болып отырмыз, бұл жерде біздің серіктестеріміз жоқ. Біздің ынтамыз бірге жұмыс істеп, ынтымақтастық қалыптастыру. Көп мәселе сіздердің өңірдің мүмкіндігіне байланысты», - деді «Фимакс» президенті Исхан Юмлу.

Түрік делегациясының келуі 13 маусымға дейін жалғасады. Сапар бағдарламасында «Қарасу ет» ЖШС ет комбинатына, «Жас қанат» бройлер құс фабрикасы» ЖШС, «Садчиковское», ЖШС, «Агромаш-Холдинг», АҚ, «Милх» ЖШС, «Баян-сұлу» АҚ бару жоспарланған.

Айта кетерлігі, «FIMAKS» компаниясы Түркиядағы ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін өндірістің бірі, 40 жылдық тәжірибесі бар алып компания әлемнің 85 еліне тауар экспорттайды. FIMAKS компанясының экспорт көлемі 600 млн долларды құрайды.

 

 

Барлық жаңалықтар