• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан үкіметі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары үшін теңдесі жоқ алаң ұйымдастырды - Сомайя Самир Шантила

Қазақстан үкіметі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары үшін теңдесі жоқ алаң ұйымдастырды - Сомайя Самир Шантила

11 Маусым, 2015 15:17
«Бұл теңдесі жоқ алаң, біз өзге мемлекеттер тарапынан ұлттық деңгейде ұйымдастырылған мұндай алаңды еш жерден көрген емеспіз. Осылайша, бұл әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің тұрақты платформасы болып қалды және бұған Қазақстан мен оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі өте зор»,-деді ол.

Индология және дінаралық диалогты зерттеу институты төрағасының сөзінше, мұндай платформаның болуы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының әр мәселеге қатысты қалың көпшілікпен бөліскісі келетін пікірлері бар екендігін көрсетеді.  

«Меніңше, бұл керемет мүмкіндік және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан өздерінің ой-пікірлерін білдіру үшін түрлі қоғамдастықтар мен дін өкілдерінің бастарын қосу үшін ұйымдастырылған алаң әлем мемлекеттерінде ұйымдастырылып тұрады және онда біз атқаратын істерімізді бір-бірімізбен келісіп отырамыз. Өз кезегінде бұл түрлі діндер мен сенім өкілдеріне барлық проблемалардың ортақ екенін түсіндіруге ықпал етеді»,-деді Сомайя Самир Шантила.   

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өтіп жатыр. Оның басты тақырыбы бейбітшілік пен даму жолындағы дін көшбасшылары мен саясаи қайраткерлердің диалогы. Шараға әлемнің 42 мемлекетінен 80 делегация қатысуда.  

Индира Кауметова

 

 

 

 

  

Барлық жаңалықтар