- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жас көшбасшыларға арналған республикалық семинар-тренинг басталды
Астанада жас көшбасшыларға арналған республикалық семинар-тренинг басталды
«Семинар-тренингтер жастарға, үкіметтік емес жастар ұйымының көшбасшыларымен белсенділеріне қызықты да қажетті білім алуына таптырмас мүмкіндік. Семинар бағдарламасы жаттығулардан, интерактивті режимдегі шығармашылық тапсырмалардан тұрады», - делінген хабарламада.
Тренинг тақырыптары әр алуан. Сол себепті әр қатысушы өзін қызықтырған кез келген тақырыпты таңдай алады. Осылайша барлық қатысушылар 3 топқа бөлініп, шара аяқталғаннан кейін келіссөздер жүргізу барысында психологиялық сенімге қалай қол жеткізуге болатыны, өзінің уақытын дұрыс қолдануда интеллект картаны қалай қалыптастыруға болатыны, адамдармен қалайша қарым-қатынас орнату керектігі жайлы мәлімет алады.
«Тренингті өткізуші: саяси ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы «Әлеуметтік саясат» кафедрасының профессоры Ләйла Асылбекова, «НИКА» Шешендік өнер орталығы жетекшісі, ҚР Психологтар қауымдастығының мүшесі Меруерт Жүнісбек, «ProfiTraining» білім беру технологиялық орталығының директоры, Риторика және шешендік өнер Университетінің алдыңғы қатарлы лицензиаты Светлана Каплина», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды