- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК офицерлер құрамы жас лейтенанттармен толықтырылды
ҚР ҚК офицерлер құрамы жас лейтенанттармен толықтырылды
Төрт қазақстандық курсант Бауыржан Бақытжанұлы, Самат Дербісәлиев, Ернат Рысболат, Әрсен Жақсыбаев Ярослав әуе шабуылына қарсы қорғаныс жоғары зениттік-зымырандық училищесінде білім алып, қазіргі таңда біздің армия қатарын толықтыру үшін Қазақстанға оралды.
«Біз барлығымыз офицерлік иықбелгіні алып, Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет жасауға кірісуді және қазақстандық армияның офицерлерімен бір қатарға тұруды тағатсыздана күттік. Мен алған білімімді қолдана отырып, біздің армияда абыроймен қызмет атқарамын, туған-туысқандарым мен болашақ командирлер артып отырған үмітті ақтауға тырысамын», - деді Бауыржан Бақытжанұлы. Қазір жас лейтенанттар қатынас қағаздарын алып жатыр және ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдеріне қызметке таратылатын болады.
Осы сәттен бастап олар ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруге ресми түрде кіріседі. Үш қазақстандық әскери жоғары оқу орны: Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери институты қазіргі уақытта елдің әскери кадрларын толықтыратын курсанттарды түлетіп шығаруға дайындалып жатқанын айта кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту