- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 100 үйдің құрылысы басталды – әкімдік (Фото)
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 100 үйдің құрылысы басталды – әкімдік (Фото)
Мердігерлік ұжымдармен кездесу барысында өңір басшысы құрылыс сапасы мен үйлердің берілу мерзіміне баса назар аударды.
Атап өту керек, көктемгі су тасқынынан Оразақ ауылында 200 тұрғын зардап шеккен болатын. Бүгінде ауылда абаттандырылған және инженерлік желілері бар 100 екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Әр үйдің көлемі 83,6 шаршы метрді құрайтын болады. Бұл үйлер тегін ұсынылады, 10 сотық жер аумағы қоршалып, шаруашылық қажеттіліктер үшін сарай да салынады.
Бүгінде бұл үйлердің құрылысы үшін компания сип материалдарын дайындайтын зауыт сатып алған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы сөткесіне 1,2-2 үй. Өзінің жұмыс сапары барысында ҚР ІІМ Министрінің орынбасары Владимир Божко мен Сергей Кулагин осы зауытқа да бас сұғып, кәсіпорынның қызметімен танысты.
Облыс әкімі ауылды аралау барысында палаталық қалашыққа бас сұғып, тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Владимир Божко мен Сергей Кулагин тұрғындар жиналған орта мектепте де болды. Бұл жерде өңір басшысы зардап шеккен тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, оларды аздап шыдамдылық танытуға шақырып, ешкімнің шет қалмайтынын жеткізді.
Тұрғындармен кездесуі барысында құрылыс компаниясы басшылары жиналғандарды үй құрылысының барысымен және салынатын болашақ үйлерінің эскиздерімен таныстырды. Өз кезегінде «Іскер ТТЖ» ЖШС компаниясының басшысы Данияр Тұңғышбаев тұрғындарға Оразақ ауылындағы үйлер тамыз айының аяғында тапсырылатын болады деп сендірді.
Одан басқа, Ағанас және Шнет ауылдарының судан зардап шеккен тұрғындары үшін Целиноград ауданының Ақмол және Қосшы ауылдарында екі 45 пәтерлі үйлер салу жоспарлануда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар