- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының оқушылары халықаралық олимпиадаларда 167 медаль жеңіп алды (Фото)
Алматы облысының оқушылары халықаралық олимпиадаларда 167 медаль жеңіп алды (Фото)
«Жастар - біздің болашағымыздың негізі», - деп Елбасы дарынды жастарға үлкен сенім артып отыр. Себебі елімізге іскер, белсенді, жаңа идеясы бар мамандар аса қажет. Мұндай мықты мамандар күні ертең осы залда отырған дарынды балалардан шығатынына сенімім мол, - деді аймақ басшысы.
Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің» 11-сынып оқушысы, Орал қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық олимпиаданың қола жүлдегері Санжар Бұрұмбай сөз сөйлеп, «Балалық шақтың арманы» атты бейнефильмінің тұсаукесерін ұсынды.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында а өткен І Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары Заңғар Мұсағалиев пен Аружан Қалиева ауыл шаруашылығына қатысты, атап айтқанда картопты шіріп кетуден сақтайтын ғылыми жобаларымен таныстырды. Сол сияқты Теміртау қаласында болған VII Президенттік олимпиаданың күміс жүлдегері Мөлдір Болатбекова сөз сөйлеп, Сочи қаласында өткен Халықаралық робототехника олимпиадасының 3 орын жүлдегерлері, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Бек Талғат пен Ратмир Сатпаев өз жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
Жалпы, өткен жылы оқушыларымыз халықаралық жарыстарда 155 медальға ие болса, биылғы жылы 167 медальді жеңіп алды. Соның нәтижесінде республика бойынша екінші орыннан көрініп, «Үздік команда» атағына ие болды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін облыс әкімі Амандық Баталов еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесіп,тұрмысы төмен отбасынан шыққан 91 түлекке грант бөлу туралы меморандумға қол қойған. Оған қоса Алматыдағы «Хейлиберри» мектебіне 10 оқушыны кәсіпкерлердің демеушілігімен оқыту туралы да келісімге қол жеткізілген болатын.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр