• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті мен Иордания королі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

ҚР Президенті мен Иордания королі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

11 Маусым, 2015 13:46
Елбасы Н.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының 5-ші съезіне келген Иордания Королі II Абдалламен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла II екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік қарым-қатынас мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, тараптар Астанада өтіп жатқан әлемдік және әстүрлі дін көшбасшылары съезінің жұмысын талқылады.

Н.Назарбаев Иордания Қазақстанға жақын ел екенін айтып өтті.

" Сіздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу үшін біздің елімізге келуіңіз зор мәнге ие. Біз сізбен әрдайым өзара сенімді қарым-қатынаста болдық. Қазақстан сіздің еліңізге үлкен құрметпен қарайды. Тұрақсыздықтың жаңа ошақтары пайда болып жатқан кезде Иордания орналасқан өңірде Сіздің маңызды рөл атқарып отырғаныңызды атап өткім келеді. Сондықтан біз Сізді әрдайым қолдауға әзірміз", – деді Мемлекет басшысы.

II Абдалла екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

"Өзіңізбен кездесіп, ортақ күш-жігеріміз арқылы әлемнің бұдан да жайлы әрі тыныш болуына қалай ықпал ете алатындығымыз туралы Сізден кеңес алу мені әрдайым жылы әсерге бөлейді. Мен көп жылдан бері өңірдегі бітімгершілік, халықтар мен діндерді жақындастыру жолындағы Сіздің қызметіңізге тәнті болып келемін, – деді Иордания Королі.

 

Барлық жаңалықтар