ШОБ: Оралда бөтелкеге құйылған ауыз су өндірісі іске қосылды

12 Маусым, 2015 10:41
Оралда табиғи көзден бөтелкеге құйылған ауыз су өндірісі іске қосылды.

«Даму» қорынан хабарлағандай, Оралдың жаңадан кәсібін бастаған кәсіпкері Сержан Ашығалиев  өз ісін ашуды көптен бері армандаған. Оның балалық шағы өткен аудан орталығында Батыс Қазақстанға мәлім табиғи көз Тышқантай бұрыннан бар еді. Бар болғаны бұл істе сауатты әрекет ету керек болатын, кәсіпкер дәл осыны істеді.

«Өткен жылы ол өндірістік цех құрылысы үшін 0,15 га жер учаскесін алып, құрылыс бастаған болатын. Жалпы құны 11 млн теңгеге жуық жоба үшін қаржыны кәсіпкер «Сбербанк Ресей» АҚ алды. Несиенің салмағын азайтуда пайыздық үстем ақыны субсидиялау бағдарламасы көмектесті. Ал, жетіспейтін мүлікті кепілдікке қою мәселесін «Даму» қорының кепілдігі шешті», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, бүгінде компания толыққанды жұмыс істеуде. Барлық құрылыс және дайындық жұмыстары аяқталды.  Цех заманауи технологиямен жабдықталған, ал онда 5 адам жұмыс істеуде.

 

 

Барлық жаңалықтар