- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚДБ Ақтөбе облысының ТКШ жобаларын жүзеге асыруға инвестиция құяды
ЕҚДБ Ақтөбе облысының ТКШ жобаларын жүзеге асыруға инвестиция құяды
Сарапшылардың белгілеуі бойынша қазіргі уақытта мұнда сумен жабдықтау желілерінің тозуы 61,6 пайыз, ал кәріз су бұру желілерінің тозуы 74,1 пайыз құрайды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Осылайша капитал жұмсалымының көлемін кәсіпорын активтеріне арттыру қажеттілігі пайда болып, инвестициялық бағдарламаны тарифтік кірістен ғана емес, сонымен қатар, бюджеттік және несиелік қаражат есебінен де атқару тиімді болмақшы.
«Ақтөбе мен Шымкент — Қазақстандағы біз кеңейтілген әріптестік аясында Үкіметпен және жергілікті билік органдарымен бірге сумен жабдықтау және онымен байланысты қызметтер сапасын көтеруді қолға алатын алғашқы екі қала. Мен біздің күш-жігеріміздің адамдардың тіршілігін тікелей жақсартуға жұмсалатындығына қуаныштымын. Қазақстанның басқа да аймақтарында су шаруашылығы жобаларын қолдауға дайынбыз» деп өз ұстанымдарын Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің президенті Сума Чакрабарти білдірді.
Сонымен, «Ақбұлақ» кәсіпорны қаланың су-кәріздік шаруашылығын жаңғырту үшін аталған банктен 2 млрд. теңге мөлшерінде несие алатын болды. Бұған қосымша, мемлекеттік бюджеттен 1,3 млрд теңге инвестициялық грант бөлініп, жергілікті атқарушы билік желісі бойынша 350 млн. теңге және беріледі.
«Бұл жобаның жүзеге асырылуы қалада су бөлінісі мен сумен жабдықтау қызметтері сапасын көтеруге, су шығынын азайтуға және желілердің тозуын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, компания қызметіне энергия сақтаушы практика мен процедураларын енгізуге жол ашады. Мен Еуропалық Қайта құру және Даму банкі басшылығына жемісті ынтымақтастығы үшін алғысымды білдіремін», — деп атап көрсетті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Астана қаласында өткен келісімшартқа қол қою сәтінде
«Бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін өте маңызды және алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған ілгері қадам болып табылады, — дейді «Ақбұлақ» АҚ президенті Айбек Сағиев, — Несиелік келісімдер аясында қарастырылған жобалар бізге негізгі өндірістік тиімділіктермен бірге барлық есепке алу мен бақылаулар жүргізуді де қамтамасыз ететін болады.
Жобада қарастырылған қаржының үштен бір бөлігіне 9 шақырымдық су құбырлары желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Нақтырақ айтатын болсақ, бұған қаланың орталық бөліктеріндегі, яғни Абай, Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова даңғылдарындағы су тартқыштар мен Тұрғындар қалашығындағы өздігінен ағызылатын 13 шақырымдық кәріз су желілері кіреді. Сонымен бірге, кәріздердің ақпараттық-өлшеу жүйелері, басқа да салалар бойынша жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері