• Басты
  • Жаңалықтар
  • Назарбаев университеті түлектерді дайындаудың тәжірибелік пішіні болып есептеледі – сарапшы

Назарбаев университеті түлектерді дайындаудың тәжірибелік пішіні болып есептеледі – сарапшы

11 Маусым, 2015 11:32
Назарбаев университеті түлектерді дайындаудың тәжірибелік пішіні болып есептеледі, деді Бат қаласы экономика және саяси білім беру университетінің профессоры Хью Лаудер Астанада IV Еуразиялық жоғарғы білім лидерлерінің форумында.

«Назарбаев университеті елдің жоғары оқу орындары игеретін тәжірибелік пішінге ие. Мамандырадың көзқарасы бойынша біз кездесетін кедергілердің бірі – қабілетілік емес, жұмыс орындары. Қазір жұмыс орындары тапшы,.Барлық жерде түлектен саны екі есеге өсті. Мен Ұлыбритания мен АҚШ-тың ресми статистикасын көрдім», - деді ол.

Оның айтуынша, магистранттар мен докторанттар еңбек нарығынан бакалавриаттарды шығыстыруда.

«Кей механизмдер арқылы бұл іспен күресуге болады. Бізде негізгі проблема жұмыспен қамту мәселесіне қалай душар болдық? Біліктілік емес, жұмыссыздық. Бұл жерде мәселенің екі қыры бар, біріншіден, жаһандық еңбек нарығы, екіншіден, сандық технология талаптарды да өсіреді. Олардың дамығаны сонша ортабіліктілікті мамандарды алмастыра алады», - деді ол.

Айта кетейік, Назарбаев университеті  бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, ғылымды дамыту және ұлттық экономика мен білім беруді жетілдіру  мақсатында ашылды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар