- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 79.65-ті құрады
Қарағанды облысында ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 79.65-ті құрады
«Облыста ҰБТ 3-7 маусым күндері аралығында өткен. Биыл оған облыс бойынша жалпы алғанда 7 мың түлектің ішінен 5 мыңнан астамы қатысқан. Барлығы жақсы деңгейде, жақсы ұйымдастырумен өтіп, бұзушылықтар тіркелген жоқ. Бірде-бір түлек дәрісханадан шығарылған жоқ, ешқайсының да нәтижелері жойылған емес. ҰБТ қорытындылары бойынша орташа балл 79,65 болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 балға көп», - деп хабарлады бүгін брифинг барысында облыстық білім басқармасының жетекшісі Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, орташа балы бойынша Қарағанды облысы республикада алтыншы орында тұр.
«Алтын белгіге» келетін болсақ, өз білімдерін үміткерлердің 48 пайызы - 108 түлек растап шығарды. Биылғы жылы ҰБТ-да 750 оқушы тиісті балл ала алмады. Облыс бойынша ең төмен нәтиже - 27 балды Қарағандыдағы № 5 орта мектептің түлегі жинаған», - деп атап өтті білім басқармасының жетекшісі.
Облыста ең үздік көрсеткіш - 123 балды үш түлек: Никита Костливцев (Қарағанды қаласының № 2 лицейі), Меруерт Мұхташова (Жезқазған қаласының № 8 гимназиясы) және Аида Әлімбетова (Жезқазған қаласының № 22 орта мектебі) алды.
Дарынды балаларға арналған мектептердің арасында бірінші орынды «Дарын» мектебі алып тұр, мұндағы түлектер орташа алғанда 114,5 балл жинаған. Сондай-ақ 103 бал орташа көрсеткішке ие болған Қарағандының № 93 гимназиясы ерекшеленді.
«Жалпы алғанда ҰБТ қорытындыларына ризамыз», - деп атап өтті ведомствоның басшысы.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр