• Басты
  • Жаңалықтар
  • С. Мохаммед: Бауырлық мәдениетті насиаттау мақсатында барлық діни және саяси көшбасшыларға хат жіберуді ұсынамын

С. Мохаммед: Бауырлық мәдениетті насиаттау мақсатында барлық діни және саяси көшбасшыларға хат жіберуді ұсынамын

10 Маусым, 2015 19:32
«Interfaith International» форумының президенті Сайед Мохаммед Мусави Бауырлық Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінде мәдениетті насиаттау мақсатында барлық діни және саяси көшбасшыларға хат жіберуді ұсынды.

«Меніңше, аталмыш конференция барлық діни көшбасшыларға, саяси лидерлерге өз елдерінде бауырластық мәдениетті насихаттау үшін, хат жазуды жүзеге асыру қажет», - деді ол.

С.Мусави атап өткендей, бұл тиімді конференция мәдениетті таратуға, насихаттауға күш салды, адамзаттық тепе-теңдік пен сенімділікті қалыптастыруды көрсетті, барлық адам бір отбасына жатады.

«Біз діни көшбасшылар ретінде діни мағынаны теріс ұғымда пайдаланып жатқандарды көреміз. Дін бейбітшілікке, келісімге шақырады. Біздің таңдау зорлық-зомбылықпен күресу. Діни лидерлердің жауапкершілігі келісімді тарату мен насихаттауға кеп тіреледі», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар