• Басты
  • Жаңалықтар
  • Муфтий: Рухани көшбасшылар съезінің уақыт өткен сайын беделі көтеріліп, бүкіл әлемде оның мән-маңызы артып келеді

Муфтий: Рухани көшбасшылар съезінің уақыт өткен сайын беделі көтеріліп, бүкіл әлемде оның мән-маңызы артып келеді

10 Маусым, 2015 17:52
Рухани көшбасшылар съезінің уақыт өткен сайын беделі көтеріліп, бүкіл әлемде оның мән-маңызы артып келеді. Оның дәлелі Съез жұмысына Бірікен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның қатысуы, деді Ресей Федерациясының Мұсылмандардың рухани басқармасының төрағасы, Муфтий шейх Равиль Гайнутдин Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында өткен баспасөз мәслихатында.

«Рухани көшбасшылар съезінің уақыт өткен сайын беделі көтеріліп, бүкіл әлемде оның мән-маңызы артып келеді. Оның дәлелі Съез жұмысына Бірікен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның және өзге де әлемдік саясаткерлердің қатысуы. Мен Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне осымен төртінші рет қатысып отырмын»,-деді Р.Гайнутдин.  

Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев форумда қабылданатын құжаттардың мән-маңызын барған сайын өсіре түсуде.

«ҚР Президенті біз, яғни дін қайраткерлері сияқты Астанада қабылданатын Декларацияның маңызды құжат екенін түсінеді. Бұл құжат тек әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларына ғана емес, өзге де халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне жетеді»,-деді ресейлік мейман.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар