• Басты
  • Жаңалықтар
  • Діни ар-ұждан мен тазалықты сақтауда нақты, мығым бағыт ұстану керек – РФ мұсылмандар рухани басқармасының төрағасы

Діни ар-ұждан мен тазалықты сақтауда нақты, мығым бағыт ұстану керек – РФ мұсылмандар рухани басқармасының төрағасы

10 Маусым, 2015 17:01
Діни ар-ұждан мен тазалықты сақтауда нақты, мығым бағыт ұстану керек, деді Ресей Федерациясының Мұсылмандардың рухани басқармасының төрағасы, Муфтий шейх Равиль Гайнутдин Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде.

"Қазіргі заманғы дін көшбасшыларының адамзат алдындағы жауапкершілігін қалыптастыратын базалық принциптер қандай болуы керек? Меніңше, бірінші кезекте қандай да бір діннің құндылықтары өтпелі, ал мәңгілік құндылықтар бізге дін арқылы келген. Екіншіден гуманизм көрінісі адамның құдайшылығына негізделуі керек»,-деді ол.

Шейхтің сөзінше, үшіншіден  діни ар-ұждан мен тазалықты сақтауда нақты, мығым бағыт ұстану керек, яғни тік әрі барынша ашық айту керек. «Бұның барлығы да жауапкершілікті сезінумен негізделген, яғни адам жауапкершілік дегенде адамзат алдындағы жауапкершілік деп ұғынуы керек. Бұл барлық діни адамдар үшін барынша жауапты»,-деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар